ҰҚК төрағасы Ермек Сағымбаев біздің мүфтиді тергеп-тексеріңдер!
Белгілі заңгер ҰҚК төрағасы Ермек Сағымбаевқа үндеу жолдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Заңгер Айгүл Орынбек Бас мүфти Наурызбай Тағанұлының «Егер оқушы қыз балиғат жасқа толған болса, ол хиджаб киюі тиіс» деп айтқан ойына қарсы пікір білдірді.
«Бас мүфти сіз педофилизмді қолдайсыз ба? «Шариғатта балиғат жасқа келген қыз орамал тағу керек» депсіз! Әдетте қыз балаға хайыз (етеккір) келген уақыттан бастап, балиғат жасына жеткен (ержеткен, бойжеткен) болып саналады. Негізінде қыз балаларға 9 жастан етеккір келеді. Ал шариғат заңы бойынша етеккір келген 9 жасар қыз тұрмысқа шығу керек! Біздің ел жәйлап Ауғанстанға айналып бара жатыр! Мынау ашық педофилизмге пропаганда ғой! Біз сонда шариғат заңымен жүру керекпіз бе?
ҰҚК төрағасы Ермек Сағымбаев біздің мүфтиді тергеп-тексеріңдер! Шариғатпен жүргісі келсе Ауғанстанға жіберіңдер, жүрсін сол жақта шариғат заңымен!Бізге шариғатпен емес, Қазақстан заңымен жүретін бас имам керек!», — деп жазды Айгүл Орынбек Facebook-тағы парақшасында.