$ 478.96  533.03  5.22

«Намазым қаза болып жатыр»: Орамалды қыз оқудың түстен кейін қойылғанына ашуланды (ВИДЕО)

Оқуды тастап, намаз оқы онда.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр

ТикТок әлеуметтік желісіне Aidyn деген атпен тіркелген қыз ашуға мініп, видео жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Биыл универде сабақтарымызды түстен кейінге қойып қойған. Бірінші курста түске дейін оқып, сосын біз өз жұмыстарымызбен айналысушы едік. Енді сабақ 12:50-де басталады. Ал мен бесін, екінті және үйге келгенше шам намазын да оқып үлгермеймін. Не үшін менің бүкіл намазым қаза болуы керек?», - деген желі қолданушысы университеттің діни заңдылықтарға сай еместігіне наразылық білдірді.

Ал желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі қызды қолдаса, бірі білімнің маңызды екенін жарыса жазды. 

"Оқуды тастап, намаз оқы онда", "Менде де сол мәселе. Не істерімді білмеймін", "Білім үшін намазың қаза болса, Құдай бәрін көруші, біледі. Білім ал", "Сіз зайырлы елде тұрасыз. Білім алу маңызды", "Ауғанстан, Пәкістанға барып тұр", деп жазды олар.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 19
Күлкілі 13
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары