$ 494.87  520.65  4.91

Көкшетауда курсант кәмелетке толмаған баланы зорлады деген күдікке ілінді

Болашақ құтқарушыларды дайындайтын академияның баспасөз қызметінің өзі жағдайға ауызша ғана түсініктеме берді. 

Фото: Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясы
Фото: Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясы

Азаматтық қорғаныс академиясының курсанты кәмелетке толмаған баланы зорлады деген күдікке ілінді. Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, барлығы Көкшетауда жалдамалы пәтерде болған. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы Алматы телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Болашақ құтқарушыларды дайындайтын академияның баспасөз қызметінің өзі жағдайға ауызша ғана түсініктеме берді. 

Олар курсанттың жасаған құқық бұзушылық туралы арызы полицияға 1 қыркүйекте түскенін хабарлады. Аталған факті бойынша құзырлы органдармен қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр. Алайда полиция қылмыстық іс қозғап қойған. Күдікті қамауда отыр.

"Кәмелетке толмаған баланы зорлау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті анықталып, ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды", – деп Ақмола облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары