$ 495.2  522.34  4.94

Айгүл Орынбек: Азат Перуашовтың үстінен ҚР ҚК 211-бабымен қылмыстық іс қозғау керек

Құзырлы органдар тергеп-тексеру жүргізбей жатып, өз қызмет бабын пайдаланып, тіпті, парламенттің ішінде қызметтік тексеру жүргізбей, екеуара хат алмасуды әлеуметтік желіге салып жариялағаны үшін!

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Заңгер Айгүл Орынбек Ақжол партиясы төрағасы Азат Перуашов туралы жазба жариялап, дабыл қақты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Құқық қорғаушының жазуынша, күні кеше Перуашовтың орынбасары Дмитрий Василиев үлкен шенеунікке пара берген деген күдікке ілінген!

«Ақжол» партиясы төрағасы Азат Перуашовтың үстінен ҚР ҚК 211-бабымен қылмыстық іс қозғау керек!

Құзырлы органдар тергеп-тексеру жүргізбей жатып, өз қызмет бабын пайдаланып, тіпті, парламенттің ішінде қызметтік тексеру жүргізбей, екеуара хат алмасуды әлеуметтік желіге салып жариялағаны үшін!

Азат Перушов қоғамның назарын басқа ақпаратпен бұрмақшы болды деген ойдамын, себебі белгілі, күні кеше Перуашовтың орынбасары Дмитрий Василиев үлкен шенеунікке пара берген деген күдікке ілінген! Біз Перуашовқа сенің орынбасарың үлкен шенеунікке неге пара беріп жүр, деп сұрақ қоюуымыз керек! Яғни «Ақжол» партиясының экс-мүшесі Садықов «мені өздеріңнің лас істеріңе арластырмаңдар» деген сөздерінің астарында үлкен құпия бар!

Жемқорлық парламент төрінде белең алып жатқанда, еліміздің болашағына алаңдау керекпіз! «Ақжол» партиясының мүшелері төрағаларыңды ауыстыратын уақыт келді», — деп жазды заңгер Facebook-тегі парақшасында.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Перуашев пара беру туралы ақпаратты жасырып қалғысы келеді»: Асқар Садықов мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 12
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары