$ 498.34  519.72  4.85

Олимпиада қатысушысын жігіті тірідей өртеп жіберген

Бұл оқиға Олимпиададан кейін болған.

Фото: x.com/@UgaAthletics2
Фото: x.com/@UgaAthletics2

Париж Олимпиадасына қатысқан угандалық жеңіл атлет Ребекка Чептегей ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Біз спортшымыз Ребекка Чептегейдің қайтыс болуына қатты қайғырдық. Ол тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болды. Біз мұндай актілерді айыптаймыз және әділеттілікке шақырамыз. Оның жаны тыныштықта болсын», – делінген Уганда жеңіл атлетика федерациясының Х әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында.

Еске салсақ, 33 жастағы жеңіл атлет Париждегі дүбірлі додаға қатысып, 44-орын алған. Ал бұл оқиға Олимпиададан кейін болды. Еліне оралған Чептегей мен оның бұрынғы жігіті сөзге келіспей қалып, араларында жанжал туған. Кейін қылмыскер түнде Чептегейдің үйіне барып, үстіне бензин құйып өртеп жіберген. Екеуі көршілерінің арқасында сол жерде ажалдан аман қалады. Бірақ денесінің 75 пайызын күйік шалған спортшы қыз бірнеше күннен кейін ауруханада қайтыс болды. Ал оның жігіті де ауруханаға жеткізілген.

BBC басылымының мәліметіне сүйенсек, олар жер мәселесіне келіспей қалған. Сөйтіп жанжалдасқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 4
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары