$ 478.96  533.03  5.22

Давид Дегтяров мемлекеттен қанша сыйақы алады

Париждегі ойындарында қатарластарын шаң қаптырған Давид Дегтяров екі дүркін Паралимпиада чемпионы атанды.

Фото: prosports.kz
Фото: prosports.kz

Күні кеше Парижде өткен паралимпиадада алтын медаль жеңіп алған Давид Дегтяровтың мемлекеттен қаншай сыйақы алатыны белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

4 қыркүйекте пауэрлифтингтен 54 келі салмақ дәрежесінде финалға шыққан Давид Дегтяров алтын медельді қанжығасына байлады. Отандық спортшы зілтемірді 3 рет көтерді. Оның ішіндегі ең жақсы көрсеткіш – 188 келі болды.

Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алған спортшыға 250 000 АҚШ доллары көлемінде сыйақы беріледі. Париждегі ойындарында қатарластарын шаң қаптырған Давид Дегтяров екі дүркін Паралимпиада чемпионы атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары