05.09.2024, 17:40

«30 егіз оқушы»: Ақтаудағы мектептердің бірінде бұрын-соңды болмаған жағдай орын алды (ВИДЕО)

Фото: Delfi

Бұрын біздің мектебімізде мұндай жағдай болмаған. 

Ақтауда жаңа оқу жылында Қ.Бекжанов атындағы мектептің бірінші сыныбына жеті егіз қабылданды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазіргі уақытта бұл мектепте 2213 бала оқиды. Мектеп директорының айтуынша, білім ордасында 0-11 сынып арасында отыз егіз оқушы білім алып жатыр.

"Бұрын біздің мектебімізде мұндай жағдай болмаған. Биыл біздің бірінші сыныбымызға 7 бірдей егізді қабылдап отырмыз. Жалпы мектепте 0-11 сынып аралығында отыз егіз оқиды. Егіз оқушыларымыздың білімге деген құштарлығы жоғары. Ұстаздарымыз оқушыларға сапалы білім және тәрбие беруде еңбек етіп жатыр", - деді мектептің директоры Назира Ақбержанова.