#төтенше жағдай #тарих #Президент #Астана #спорт #Алматы #шоу-бизнес #Оқу-ағарту министрлігі #Бас прокуратура #білім беру #Ғани Бейсембаев #ас беру #Рахат Тұрлыханов #комикс #комикстер #Нұрәлі Әлиев #мойын тастар #қой #Майқайың #Смағұл Елубай #Нағима Есқалиева #Тина Канделаки #Елнұр Бейсенбаев #шугаринг #Санжар Тәшкенбай #Странджа Кубогы #қылыш #Қылыш #Қатар мемлекеті #Олжас Бектенов #Жайлы мектеп #ұлттық жоба #сапалы білім #сайттар #есту #көру #Ермұрат Бапи #әкелер #отағасы #Асқар Жұмабеков #хат #ману #сабаншы мысығы #паллас мысығы #манул #криптовалюта #Қазақтан шыққан тұңғыш режиссер қыз #алқабилер #Дала қырандары #жасанды интеллект #суперкомпьютер #жедел желі #зардап шеккендер #залал #Ұлттық гидрогеологиялық #«Қазгидрогеология» #Сырым Әуезхан #Салтанат Нүкенова #Бақытжан Байжанов #чемодан #кірпі #үш жігіт #тоқалдарға арналған чемодан #қазақ жігіт #Күләш Байсейітова #бухгалтер #есепші #Қазақстандық файтер #UFC #ChatGPT #Жаслан Мәдиев #тозақ #Аманжол Рысмендиев #әйгерім есенәлі
$ 479.38  531.63  5.27

БҚО-да ішіп алып көзге түскен шенді қызметінен айырылды

Видео пайда болғаннан кейін Абылай Бисқалиев медициналық тексеруден өтіп, оның мас емес екені анықталған.

Фото: Umarovnews.kz
Фото: Umarovnews.kz

12 тамызда Батыс Қазақстан облысының табиғатты қорғау прокуроры Абылай Бисқалиевтің көшеде мас күйінде жүрген видеосы тарады. Осы видеодан кейін оның үстінен қызметтік тергеу жүрді. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы Umarovnews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

5 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары Азамат Сәтбаев қызметтік тексерудің қорытындысы шыққанын хабарлады. Видео пайда болғаннан кейін Абылай Бисқалиев медициналық тексеруден өтіп, оның мас емес екені анықталған.

“Фото мен видеоның түсірілген күнін нақты анықтау мүмкін болмады. Видео талқыға түсіп кетті. Әдеп кодексіне сәйкес, прокуратура қызметкерлері қоғам мен мемлекеттің алдындағы жауапкершілікті түсініп, мемлекеттік биліктің беделін түсіріп, мемлекеттік институттарға деген сеніміне кері ықпал етіп, теріс қоғамдық пікір тудыратын әрекеттерге жол бермеуге тиіс", – деп атап өтті БҚО прокуратурасы. 

Анықталғандай, 15 тамызда жүргізілген қызметтік тексеріс қорытындысы және облыстық прокуратураның тәртіптік комиссиясының ұсынысы негізінде Абылай Бисқалиев қызметтік талаптарды толық орындамағаны үшін ескерту түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

"Мемлекеттік қызметкерлердің моральдық-этикалық мінез-құлқына қойылатын жоғары талаптарды түсінген Бисқалиев өз еркімен қызметінен босатуды сұрады. 20 тамызда ол Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры қызметінен босатылды", – делінген ресми жауапта.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары