06.09.2024, 18:40

Рекорд! Криштиану Роналду 900 гол салған алғашқы ойыншы атанды

Фото: Pixabay

Осыншама жетістікке жету жолында Роналду 1237 ойынға қатысқан. 

Португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду футбол тарихындағы ресми матчтарда 900-ші голын соқты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

39 жастағы ойыншы Ұлттар лигасының бірінші турында Хорватия қақпасын  дәл көздеп, гол соқты.

Яғни, әлемге танымал футболшы матчтың 34-минутта гол соғып, есепті 2:0-ге жеткізіп, ұлттық құраманың жеңісіне орасан зор үлес қосып отыр. Ал  бұл гол Роналдудың мансабындағы 900-ші голы.

Сөйтіп, Криштиану футбол тарихындағы ресми матчтарда 900 гол салған алғашқы ойыншы болып отыр. Осыншама жетістікке жету жолында Роналду 1237 ойынға қатысқан. Жалпы, Роналду ұлттық құрама сапында 213 матчта 131 гол соққан.