$ 494.87  520.65  4.91

«Директор бақылап отырған»: Атырау облысындағы мектептің дәретханасына бейнекамера қойылған

Директордың әрекетіне қатысты тергеу жұмыстары басталды.

Фото: t.me/guwonline
Фото: t.me/guwonline

Атырау облысы Қызылқоға ауданындағы орта мектептің дәретханасына бейнебақырау камерасы орнатылғаны анықталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мектеп директоры ақпаратты растап, түсініктеме берді. Бейнекамера мектептің ерлер дәретханасына орнатылғаны анықталды. 

“Мектеп дәретханасында бірнеше рет материалдық шығын келтіріліп, ұсақ бұзақылық орын алуына байланысты қолжуғыштарды түсіретін бейнекамера орнату қажет болды. Алайда оқушылардың құқығы бұзылған жоқ. Камераны орнату туралы шешім мектеп әкімшілігі мен қамқоршылық кеңесінің басшысымен бірлесіп қабылданған. Бұл шара тек тәртіпті сақтау және одан әрі заң бұзушылықтардың алдын алу үшін қабылданды. Жазбаларды мен ғана көре аламын", – деді мектеп директоры Тәттігүл Қалиева.

Жағдайға қатысты Атырау облыстық білім басқармасы да мәлімдеме жасады. Басқарма камераның алынатынын және тексеру үшін комиссия құрылғанын атап өтті.

"Қазір Атырау облысының білім басқармасы камераны алып тастау туралы шешім қабылдады. Басқармада аталмыш фактіні зерттейтін комиссия құрылды. Нәтижесі қосымша хабарланады", – делінген Атырау облыстық білім басқармасының хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 9
Ұнамайды 0
Күлкілі 3
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары