$ 494.87  520.65  4.91

Павлодарда 4 жасар баланы көлік қағып кетті

Балаға мидың шайқалуы, бастың, дененің және аяқ-қолдардың жарақаттануы диагноздары қойылған. 

Фото: КОГБУЗ
Фото: КОГБУЗ

Павлодарда сәбиді көлік қағып кетті. 2020 жылы туған бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық балалар ауруханасының мәліметінше, кеше сағат 00:50 шамасында 2020 жылғы туған баланы көлік қағып кеткені жайлы хабар келіп түскен. Балаға мидың шайқалуы, бастың, дененің және аяқ-қолдардың жарақаттануы диагноздары қойылды. 

"Ол балалар ауруханасына жеткізілді. Бүгінде оның жағдайы бірқалыпты, бөлімде ем қабылдап жатыр", - деп хабарлады аурухана.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары