$ 494.95  525.49  5.05

Маңғыстау облысында полигонда сарбаз көз жұмды

Оқ қатардағы жауынгер Марат Ерболұлы Барқұловтың бетіне тиген. 

Фото: adilet-gazeti.kz
Фото: adilet-gazeti.kz

Маңғыстау облысындағы "Оймаша" полигонында "Батыс" өңірлік қолбасшылығы бөлімдерінің жиыны кезінде сарбаз көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

 CMN.kz және “Лада” басылымдарының мәліметіне сүйенсек, кеше 17:10 шамасында лагерь бойынша кезекші, гвардия лейтинанты ПМ 9 мм тапаншасынан оқ атқан. Салдарынан оқ қатардағы жауынгер Марат Ерболұлы Барқұловтың бетіне тиген. 

Сарбаз жедел ауруханаға жеткізілгенімен, 17:40 шамасында көз жұмды. Ақтау гарнизоны баспасөз қызметінің хабарына сәйкес, сарбаздың өліміне қаруды дұрыс пайдаланбау себеп. 

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, қылмыстық іс қозғалды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары