$ 487.37  532.94  5.09

Маңғыстауда оқушылардың жаппай улануы: Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеме жасады

Онда мектеп оқушылары және білім мекемесінің қызметкерлері уланған.

Фото: pixabay
Фото: pixabay

Күні кеше Маңғыстаудағы мектептердің бірінде балалар жаппай уланып қалғаны туралы ақпарат тараған. Осы оқиғаға байланысты Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Facebook-тегі парақшасында пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Денсаулық сақтау министрлігі басшысының айтуынша, Мұнайлы ауданына облыстық жедел жәрдем станциясынан 10 негізгі және 2 қосымша бригада және Мұнайлы орталық аудандық ауруханасынан төртінші санатты шақыруларға қызмет көрсететін 5 бригада жіберілді. Онда мектеп оқушылары және білім мекемесінің қызметкерлері уланған.

"Медициналық ұйымдарға қосымша Облыстық психикалық денсаулық орталығының психологиялық көмек топтары жіберілді. Балалардың денсаулық жағдайы Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында", - деп мәлімдеді министр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары