08.09.2024, 16:30

Шарлатандарды мектепке кіргізетін басшылар жауап беруі тиіс – Сәуле Әбілдаханқызы

Коллаж: Sn.kz

Бахабит сахабиттер қалып, енді балаларды мәңгүрттендіруге балгерлер жетпей тұр еді.

Таяуда әлеуметтік желіде мектептердің бірінде мұғалімдер ақша жинап шақырған бақсы-балгер туралы ақпарат тараған. Әлгі видеода ханның қызындай бой киінген егде жастағы әйелдің мектепке келгені, оның аяғына қарсы алушылардың гүл төсегені көрсетілген. Осы оқиғаға байланысты қоғам белсендісі әрі журналист Сәуле Әбілдаханқызы пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның пайымдауынша, шарлатандарды мектепке кіргізетін мектеп директоры мен орынбасарлары осындай тірліктері үшін жауап беруі тиіс.

«Шалагүл апамның әруағы» деп, «ауру» оқушылар мен ауру оқытушыларды емдеп жүр ме екен? Бұл кісіні емші, бақсы Томирис демеп пе еді?

Бұрынғының Томирисі жаудың басын алса, қазіргінің Томирисі балалардың миын «алады...».

Неткен көйлек! Неткен тәж! Неткен бас! Неткен шаш! Неткен тырнақ! Неткен орден-медальдар! Пай-пай, шіркін, қазақтың Томирисі-ай!

Томирис деген аттан садаға кетсейін... басқа ат құрып қалды ма екен? Томирис апамыздың әруағы «қап, Кирдей қылар ма еді...» деп тұрған шығар.  Шын аты-жөні кім екен?

Жалпы, мектепке барып оқушылармен кездесу өткізгісі келетін кім көрінгенді, әртүрлі шарлатандарды мектепке кіргізетін мектеп директоры мен завучтары осындай тірліктері үшін жауап беруі тиіс. Бахабит сахабиттер қалып, енді балаларды мәңгүрттендіруге балгерлер жетпей тұр еді», — деп жазды журналист желідегі парақшасында. 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Жамбыл облысында мұғалімдер «Томирис патшайыммен» кездесу үшін ақша жинап, аяғына гүл «төсеген» (ВИДЕО)