$ 478.93  534.96  5.16

US Open: Теннистен әйелдер арасында жеңімпаз анықталды

Қатарынан екі жарыста жеңімпаз атанған А.Соболенко жеңіс сериясын 12 ойынға жеткізді.

Фото: instagram.com/arynasabalenka
Фото: instagram.com/arynasabalenka

Теннистен АҚШ ашық чемпионатында әйелдер арасында жекелей сында финалдық матч аяқталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әлемнің 2-ракеткасы, беларусь спортшысы Арина Соболенко дүниежүзілік рейтингіде 6-орында тұрған америкалық Джессика Пегуланы 7:5, 7:5 есебімен ұтты. Бұдан бұрын тағы беларусь спортшы Цинциннати (АҚШ) WTA 1000 турнирінде дәл сол Д.Пегуланы 6:3, 7:5 есебімен ұтқан еді.

Осылайша, қатарынан екі жарыста жеңімпаз атанған А.Соболенко жеңіс сериясын 12 ойынға жеткізді.

Бұл – оның «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі үшінші титулы. Бұдан бұрын ол 2023 және 2024 жылдары Аустралия чемпионатында үздік шыққан еді. Соның ішінде 2023 жылы финалда қазақстандық Елена Рыбакинаны ұтқан болатын – 4:6, 6:3, 6:4.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары