09.09.2024, 11:00

Димаш Құдайберген V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатында өнер көрсетті (ВИДЕО)

Фото: VCG/VCG via Getty Images

Димаш Құдайберген V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатында «Киелі мекен» әнін шырқады.

Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Димаш Құдайберген V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатында «Киелі мекен» әнін шырқады. Бұл нөмірге Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жайдарбек Күнғожиновтың жетекшілігімен «NOMAD STUNTS» кәсіби каскадерлер тобы қатысты.

Димаш Құдайбергеннің ашылу салтанатында шырқаған әнінен кейін ежелгі көшпенділердің күші мен рухын сипаттайтын арнайы спектакльдер басталды.