09.09.2024, 12:40

«Сен де сол діндесің бе?»: Бекболат Тілеуханмен бірге жүрген Сметов сынға қалды (ВИДЕО)

Фото: Видеодан кадр

Сақалтайлардың басшысы өзімен бірге алып жүр ғой.

Елдос Сметов пен Бекболат Тілеухан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көзге түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Ақын мен спортшының бірге жүрген видеосы TikTok әлеуметтік желісінде тарады.

Осы тұста желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі Сметовті қолдаса, енді бірі Тілеуханның дініне тиісті. 

«Екеуі де жарады. Қазақ үшін жаншырлар», «Жүрсе не болады? Көреалмаушылықты қою керек», «Сен де сол діндесің бе?», «Сақалтайлардың басшысы өзімен бірге алып жүр ғой», деп желі қолданушылары түрлі пікір жазды.