$ 492.14  528.85  5.01

Астанада Мәдениет басқармасының экс-басшысы Болат Мажағұлов ұсталды

Тергеу аясында Болат Мажағұловтың үш коммерциялық нысанына, екі автотұрағына және премиум-класты үйдегі пәтеріне шектеу қойылды.

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Астанада мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Болат Мажағұлов ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Астанада елорда әкімдігі мәдениет басқармасының бұрынғы бастығы Болат Мажағұлов ұсталды. Ол 2016 жылы «Күн» субұрқағын салу кезінде қаражат жымқырды деген күдікке ілінді.

Kozachkov offside Telegram арнасының жазуынша, сол кезде нысанның ашылуы Елбасының туған күніне орайластырылған болатын. Алайда 2017 жылдан бастап субұрқақ апатты жағдайда тұр.

Тергеу барысында жоба салық төлеушілерге бір миллиард теңгеден астам қаражатқа айналғаны анықталды. Сонымен қатар мәдениет басқармасы субұрқақ құрылысын мемлекеттік сатып алу рәсімінсіз жүргізген, субұрқақтың жоба-сметалық құжаттамасы болмаған және мемлекеттік сараптамадан өтпеген.

Кейінірек белгілі болғандай, нысан сапасыз материалдардан жасалғандықтан көп ұзамай бұзылып қалған.

Тергеуге жауапты Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметі бойынша, бұл іске сол кездегі Астана қаласының мәдениет басқармасы басшысының тікелей қатысы бар.

Тергеу аясында Болат Мажағұловтың үш коммерциялық нысанына, екі автотұрағына және премиум-класты үйдегі пәтеріне шектеу қойылды.

Бұл іс бойынша күдіктілер қатарында субұрқақты салған мердігер компаниялардың өкілдері де бар. Олардың жалпы құны 500 миллион теңгеден асатын мүлкі тәркіленді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары