$ 478.93  534.96  5.16

«Мырзағали өз шәкіртіне қызын ұзатты»: Айтжанов пікір білдірді

Өзім аң-таң болдым.

Фото: olympic.kz
Фото: olympic.kz

7 қыркүйекте бокстан 2023 жылғы әлем чемпионы Махмұд Сабырхан шаңырақ көтерді. Көпшілік қалыңдықтың әкесі Мырзағали болғандықтан бокстан ұлттық құраманың экс-бапкері Мырзағали Айтжановпен шатастырып жүр. Осыған бапкер өзі жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мырзағали Айтжанов қызының танымал боксшыға тұрмысқа шыққаны туралы ақпарат жалған екенін Берік Сұлтан есімді Instagram қолданушысының парақшасында айтты.

«Көптеген адам хабарласып, жаңалықты жіберіп жатыр.  Өзім аң-таң болдым. Тойға барғанбыз. Мырзағали деген өзімнің аттас інім шақырған. Соның қызының ұзату тойына бардым. Тілегімізді айттық. Үйленіп жатқан жігіт - өзіміздің жақын ініміз, шәкіртіміз - Махмұд Сабырхан», - дейді Мырзағали Айтжанов.

Айта кетейік, бүгін 23 жасқа толған Махмұд Сабырханның қайын атасының есімі де – Мырзағали. Бірақ фамилиясы Есқұлов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 4
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары