$ 484.11  528.79  5.03

«Күйеуінен қорыққан әйел бала көтермейді»: Психосоматолог бедеуліктің басты себебін атады

Үйленгеннен кейін келіннің құрсағына көршісіне дейін қожайын. Келін көтерді ме? Әйелің көтерді ме?, деп сұрап жүреді.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Психосоматолог Бауыржан Әбілханов әйелдердің құрсақ көтере алмауына не себеп екенін айтты. Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында баяндап берді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Үйленгеннен кейін келіннің құрсағына көршісіне дейін қожайын. Келін көтерді ме? Әйелің көтерді ме?, деп сұрап жүреді. Ал көршінің не жұмысы бар? Ер адам сіздің қойып жатқан сұрағыңыз менің жеке шекарамды бұзып жатыр деп айта алмайды. Сізді құрметтеймін, арамызда сый қалғанын қаласаңыз менің отбасыма араласпаңыз демейді. Үлкенге сөз қайтаруға болмайды дейміз де, күліп қоя саламыз. Ал сол эмоцияның бәрін жинаған еркек оны әйеліне шығарады. Осыдан соң абьюзерлік, қол көтеру, сыйыспау пайда болады. Күйеуінің жанында өзін қауіпсіз сезінбеген әйел бала көтермейді. Маған бедеулік пен бала көтере алмау бойынша көптеген әйел келеді. Өте көп кейс бар. Ал олардың бәрінде осындай мәселелер», деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 3
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары