$ 484.11  528.79  5.03

«Қар аралас жаңбыр жауады». Еліміз бойынша бүгінге арналған ауа райы болжамы

Жетісу облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Фото: piхabay
Фото: piхabay

Синоптиктер алдағы сейсенбіде, 2024 жылы 10 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты. Солтүстік-батыс антициклонының әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болатыны болжанады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Еліміздің солтүстігінде, оңтүстік-шығысында ғана жаңбыр жауады, оңтүстік аймақтарда найзағай ойнайды, таулы аймақтарда түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр мен қар) болады. Қазақстан бойынша түнде және таңертең тұманның түсуі, республикамыздың батысында, оңтүстік-шығысында желдің екпін алуы байқалады". "Қазгидромет" РМК

Гидрометеорологиялық орталықтың мәліметінше, Ұлытау облысында, Жетісу өңірінің батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Қызылорда өңірінің солтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, батысында, орталығында, Алматы өңірінің солтүстігінде, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Қарағанды өңірінің батысында, шығысында, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында, Ұлытау өңірінің солтүстігінде, оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары