$ 495.2  522.34  4.94

«Шежіреге қосу керек болды»: Аймағамбетов балалар уланған мектеп директорымен туыстық байланысы туралы пікір білдірді

БАҚ беттерінде Маңғыстау облысы Бесшоқы ауылындағы 300 оқушы уланған мектеп директорының Асхат Аймағамбетовпен туыстық қатынасы болуы мүмкін деген ақапарат тарады.

Фото: inform.kz
Фото: inform.kz

Бұрынғы білім министрі, парламенті мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов Маңғыстау облысы Бесшоқы ауылындағы мектеп директорымен туыстық қатынасы жоққа шығарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

БАҚ беттерінде Маңғыстау облысы Бесшоқы ауылындағы 300 оқушы уланған мектеп директорының Асхат Аймағамбетовпен туыстық қатынасы болуы мүмкін деген ақапарат тарады. Экс-министр бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты.

“Қызық, менімен тектес қанша адам бара екен? Егер олардың барлығын менің туыстарым деп есептейтін болсақ, онда кез келген мәселеде осы туралы жазуға болады. Сонда әр тақырып өзгеше түрленіп кетеді. Мысалы, Маңғыстаудағы жағдай туралы жазған бір басылым ондағы мектеп директорын менің "туысым" деп көрсеткен. Мен мұндай адамды бірінші рет естіп тұрмын. Енді оларды шежіреге қосу керек болды”, – деп жазды Аймағамбетов.

Мәжіліс депутаты білім беру саласындағы басшылық қызметте ешқандай туысы жоғын айтты. Ол Маңғыстауда болған жағдайға қатысты балалар мен ата-аналарға қолдау білідіріп, тезіреп сауығып кетуін тіледі.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары