$ 498.34  519.72  4.85

Степногорск қаласындағы жатақханадан мәйіт табылды

Бұл ақпаратты облыстық полиция департаменті растады. 

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Ақмола облысы Степногорск қаласындағы өрт сөндіру бөлімінің жатақханасынан 21 жастағы лейтенанттың мәйіті табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл ақпаратты облыстық полиция департаменті растады. Nayzakokshe паблигіндегі  ақпаратқа сүйенсек, 21 жастағы лейтенант асылып өлген.

«Полиция департаменті осы фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу бастады. Қазір жедел тергеу шаралары жүріп жатыр. Басқа ақпарат жариялауға жатпайды», - деп хабарлайды полиция департаменті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары