«Кедейлер ғана кітап оқиды» дегені сол еді, бүкіл елдің құлағы елең ете қалды.
Танымал журналист, баспагер, әрі қоғам белсендісі Шыңғыс Мұқан желіде қисынсыз ақпарат жазып, аузына келгенді айта салатындарды сөз етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Қыртсаң — хит боласың.
Әлеуметтік желіде отыратындардың көбі тобыр. Ақылды дүние жазсаң, оқымайды. Ерігіп отырып бірдеңе деп қырта салсаң, хит боласың. Қыртқанда да, кез кез келген қисынсыз бір нәрсені жаза сал. Өтірік болса да болады. Төнеу күні бір әйел «Кедейлер ғана кітап оқиды» дегені сол еді, бүкіл елдің құлағы елең ете қалды.
Кеше біреу «Қазақ тілінің 70% араб сөздерінен тұрады» деп еді. Бәрі талқылап кетті. Мақпал апам бір нәрсе деп еді, әлеуметтік желідегі жамағат екіге жарылды. Халықтың басым бөлігінің деңгейі осы: дені дұрыс адам қыстырмайтын қысыр әңгіме. «Көпте ақыл жоқ…» деп дөп бағасын беріп кеткен ғой Әбекең. Ессіз елге керегі сол. Тема табылса болды, бір-бірімен ырылдасып жатады.
P.S. «Сары сайттар» да тобырдың психологиясын әбден меңгеріп алған: «Бұрынғы «замәкім» халықты тобырға теңеді» деген тақырыппен жаңалық таратса таңғалмаймын. Сосын, «Өзі кім екен?» деген комменттер кетеді небір», – деп жазды ол желідегі парақшасында.