$ 494.87  520.65  4.91

Садыр Жапаров Олимпиадада қырғыз боксшысына көмектескен өзбек бапкеріне қымбат сыйлық жасады

Бүкіл әлем Орталық Азия халықтары бірлік пен достықты көрсете отырып, бір-бірін қолдайтынын көрді. 

Фото: president.kg
Фото: president.kg

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Париж Олимпиадасында қырғыз боксшысы Мұнарбек Сейітбекұлына секундант болып көмектескен өзбек бапкері Акмаль Хасановпен кездесіп, оған көлік сыйлады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Садыр Жапаров өзбек бапкерімен әңгіме барысында оның әрекеті Қырғызстан және Өзбекстан халықтарының достығы мен бірлігін дәріптегенін атап өтті.

"Бүкіл әлем Орталық Азия халықтары бірлік пен достықты көрсете отырып, бір-бірін қолдайтынын көрді. Спорт бейбітшілік елшісі дейді. Сіз осындай қадамыңызбен өзара келісімді нығайтуға үлес қостыңыз. Біздің бірлігіміз әрі қарай да нығая берсін", - деді Садыр Жапаров.

Қырғызстан президенті Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Мұнарбек Сейітбекұлы қолдауға мұқтаж болған кезде Акмаль Хасанов ерлік жасағанын айтты.

"Біздің ата-бабаларымыз өз батырларына жылқы сыйлаған. Қазір автомобиль беру әдетке айналды, бірақ дәстүр рухы өзгеріссіз қалады — бұл ерекше еңбегі үшін құрмет пен ризашылықтың көрінісі", - деді президент. 

Сондай-ақ Қырғызстан президенті өзбек спортшылары Париждегі Олимпиада ойындарында жақсы нәтиже көрсеткенін айтты.

"Өзбекстан спортқа ерекше көңіл бөледі. Біз кейінгі үш жылда ғана спортшыларымызға белсенді қолдау көрсете бастадық. Бұрын біз жарыстарға қатысу үшін қаражатты уақытылы бере алмаған жағдайлар болған. Қазір мемлекет барлық қажет жағдайды жасап жатыр", - деді Жапаров.

Ал Акмаль Хасанов президентке жылы сөздері үшін алғыс айтып, Мұнарбек Сейітбекұлымен бірнеше рет кездескенін және оның секунданты болуға еш ойланбастан келіскенін атап өтті. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары