Қыз жанып тұрған сіріңкелерді велосипедке лақтырып ойнағанын айтты.
Атыраудағы Нұрсая шағын ауданында 9 жасар оқушы қыз подъезді түгелдей өртеп жібере жаздады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Atyrau Online Telegram-арнасында қыздың подъезге өрт қойған видеосы жарияланды. Жергілікті полицияның мәліметінше, 9 жасар қыз сіріңкемен ойнап жүріп, подъезде тұрған велосипедке өрт қойған. Өрт шыққанда ол қорыққанынан оқиға орнынан қашып кеткен.
Қазір болған жағдайға қатысты құжаттар жинастырылып жатыр. Қыздың ата-анасына түсіндірме жүргізілді.