$ 494.87  520.65  4.91

Қабылбек имам «қазақтың 70% сөзі арабтан енген» дегеніне қатысты түсініктеме берді (ВИДЕО)

Біздің қазақ тілінің бай тіл екені белгілі. Оны мақтанып айтып жүреміз. 

Фото: видеодан алынған
Фото: видеодан алынған

Әлеуметтік желіде танымал имам Қабылбек Әліпбайұлының қазақ тілі мен араб тіліне қатысты айтқан сөзі қызу талқыға түскен болатын. Желіде дау тудырған осы жайтқа байланысты имам түсініктеме беріп, көпшілікке видеоүндеу жолдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, ол әуелден бастап қазақ тіліне араб тілінен тек құлшылыққа қатысты ғана сөздер енген. Сұхбат барысында өзі соны меңзеген.

«Қазір сапарлатып жүр едім. Бірақ мынау әлеуметтік желіде «қазақ тілінің 70% сөзі арабтардан кірген» деген мәселе талқыланып жатқанын көріп жатырмын. Оны қолдап, дұрыс мағынада түсінуге шақырып жатқан кісілерге Алла разы болсын! Жалпы, ол жерде мен қазақ тілінде араб тілінен енген кірме сөздердің бар екенін айттым. Соның ішінде діни біліміміз бен құлшылық жасауымызға қатысты сөздің 70%-ы арабтан енгенін айттым. Ол жерде мен осы туралы меңзеген едім. Жалпылама қазақ тілінің лексикасына қатысты мәселе емес. Біздің қазақ тілінің бай тіл екені белгілі. Оны мақтанып айтып жүреміз. Мысалы, ұстаз, мешіт, медресе секілді арабтың сөздері құлшылық жасауға қатысты кірме сөз қатарына енгенін айттым. Осылайша, құлшылықта қолданып жүрген сөзіміздің 70%-ы араб тілінен енгенін айттым. Құрметті қазақ елі, соны дұрыс түсінуге тырысыңыздар. Олай сөзді бұрмаламауға шақырамын. Біздің қазақ тілі – өте бай тіл», – деді Қабылбек Әліпбайұлы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 21
Күлкілі 2
Ашулы 3

Серіктес жаңалықтары