12.09.2024, 12:00

Атырауда 9 жасар қыз подъезді өртеп, қашып кеткен (ВИДЕО)

Фото: видеоскриншот

Қыз жанып тұрған сіріңкелерді велосипедке лақтырып ойнағанын айтты.

Атыраудағы Нұрсая шағын ауданында 9 жасар оқушы қыз подъезді түгелдей өртеп жібере жаздады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Atyrau Online Telegram-арнасында қыздың подъезге өрт қойған видеосы жарияланды. Жергілікті полицияның мәліметінше, 9 жасар қыз сіріңкемен ойнап жүріп, подъезде тұрған велосипедке өрт қойған. Өрт шыққанда ол қорыққанынан оқиға орнынан қашып кеткен. 

Қазір болған жағдайға қатысты құжаттар жинастырылып жатыр. Қыздың ата-анасына түсіндірме жүргізілді.