$ 492.65  525.71  5.03

Журналист Асхат Ниязовтың не үшін ұсталғаны белгілі болды (ВИДЕО)

Асхат Ниязовтың айтуынша, ол кеше Алматы әкімі Ерболат Досаевтан сұхбат алу үшін әкімдіктің ғимаратына барған.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

 "Обожаю" YouTube-арнасының авторы, Telegram-арнаның авторы әрі журналист Асхат Ниязов Алматыда ұсталғаны туралы хабар тарады. Бірақ, қазір журналистің босап шыққаны белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Журналистің ұсталған сәтін қоғам қайраткері Санжар Бокаев Instagram парақшасында жарияланды.  

Кадрларға қарағанда, бейнеоператор да ұсталды. 

Асхат Ниязовтың айтуынша, ол кеше Алматы әкімі Ерболат Досаевтан сұхбат алу үшін әкімдіктің ғимаратына барған.

«Алматының әкімдігіне барып, әкімді аңдып жүргенмін. Есігінің алдында біраз жүрдім. Сонда әкімдік қызметкерлері «күдікті адамдар жүр» деп полицияға арыз түсіріпті. Маған телефон соғып «кел» десе, келе салар едім. Түсініктемемде әкімді күтіп жүрдім деп айттым, полиция мені босатты», - дейді Асхат Ниязов.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 7

Серіктес жаңалықтары