$ 498.34  519.72  4.85

Өскемендегі мектеп асханасында оқушылардың тамағынан құрт шықты

Ата-аналар балаларын мектеп асханасына жіберуден бас тартуда.  

Фото: Yk.kz
Фото: Yk.kz

Өскеменде №10 мектептің 3-сынып оқушысы анасына асханада берілген тары ботқасынан құрт шыққанын айтқан. Ата-аналар енді балаларының асханадан тамақ ішуіне қарсы, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Yk.kz сайтына сілтеме жасап.

Анасы оқушының жіберген суретінен ботқаның ішінен шыққан ақ құртты көрген. Сөйтіп бірнеше ата-ана жиналып мектеп директорымен бірге асханаға барды. Сонда ботқа салынған ыдыста құрттардың барына көзі жеткен. 

Қалалық білім бөлімінің сайтында №10 мектептің күнделікті ас мәзірі бар. Мәзірге қарағанда дүйсенбі күні тары ботқасының әзірленгені белгілі болды. Мәзірмен бірге жүретін бір парақ қағазда жеткізушінің деректері жоқ. Сондай-ақ сайттың құжаттарға арналған бөлімінен де 2023 және 2024 жылдарға арналған келісімшарттар табылмады.

Ата-аналар балаларын мектеп асханасына жіберуден бас тартуда. Олар енді балаларға тамақты үйден жасап, беріп жібермек. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары