Ата-аналар балаларын мектеп асханасына жіберуден бас тартуда.
Өскеменде №10 мектептің 3-сынып оқушысы анасына асханада берілген тары ботқасынан құрт шыққанын айтқан. Ата-аналар енді балаларының асханадан тамақ ішуіне қарсы, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Yk.kz сайтына сілтеме жасап.
Анасы оқушының жіберген суретінен ботқаның ішінен шыққан ақ құртты көрген. Сөйтіп бірнеше ата-ана жиналып мектеп директорымен бірге асханаға барды. Сонда ботқа салынған ыдыста құрттардың барына көзі жеткен.
Қалалық білім бөлімінің сайтында №10 мектептің күнделікті ас мәзірі бар. Мәзірге қарағанда дүйсенбі күні тары ботқасының әзірленгені белгілі болды. Мәзірмен бірге жүретін бір парақ қағазда жеткізушінің деректері жоқ. Сондай-ақ сайттың құжаттарға арналған бөлімінен де 2023 және 2024 жылдарға арналған келісімшарттар табылмады.
Ата-аналар балаларын мектеп асханасына жіберуден бас тартуда. Олар енді балаларға тамақты үйден жасап, беріп жібермек.