$ 478.96  533.03  5.22

Астанада Димаш Құдайбергеннің тыңдармандары үшін арнайы автобустар қатынайды

Көрермендерге ыңғайлы болу үшін концерт өтетін орынға арнайы автобустар ұйымдастырылады.

Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash
Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

Астанада өтетін Димаш Құдайбергеннің концерттеріне байланысты көрермендер үшін арнайы автобустар қатынайды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

13 және 14 қыркүйекте «Астана Арена» стадионында Димаш Құдайберген өнер көрсетеді. Көрермендерге ыңғайлы болу үшін концерт өтетін орынға арнайы автобустар ұйымдастырылады.

Елорда әкімдігінің хабарлауынша, көрермендердің қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ жол кептелісін болдырмау мақсатында автобустар бірнеше орыннан аттанатын болады. Нақтырақ айтқанда:

1. Салтанат Сарайы;

2. «Әзірет Сұлтан» мешіті;

3. Бас мешіт.

Іс-шара өтетін орынға жеке көлікпен кіруге тыйым салынады. Арнайы автобустармен жол жүру концерт билетін көрсеткен кезде ғана мүмкін болады.

Автобустар сағат 17.00-ден бастап қатынайтын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары