$ 494.87  520.65  4.91

Астанада әскери қызметкер жол үстінде төбелескен

Сот отырысы барысында құқық бұзушылар өз кінәсін толық мойындады.

Фото: pixabay
Фото: pixabay

12 қыркүйекте Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ұсақ бұзақылық бабымен екі азаматқа қатысты іс қаралды. Олардың бірі әскери қызметкер болып шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Іс материалдарына сәйкес, екі ер адам жол үстінде төбелесіп, қоғамдық тәртіпті бұзған. Сот отырысы барысында құқық бұзушылар өз кінәсін толық мойындады.

"Сот құқық бұзушы А-ны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындады. Азамат К. әскери қызметші болып табылады және оқиға қызметтік міндеттерін атқару кезінде болған, осыған байланысты сот оны кінәлі деп танып, тәртіптік жаза қолдану үшін іс материалдарын әскери қызмет өткеру орнына жіберді. Себебі ӘҚБтК-нің 32-бабына сәйкес қызметтік міндеттерін атқару кезінде жасаған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтары үшiн тәртiптiк жарғылар бойынша жауаптылықта болады", - делінген Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының хабарламасында.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары