$ 494.87  520.65  4.91

Соңғы 3 жыл 9 айда Ұлттық ұлан қатарындағы 58 әскери қызметші көз жұмған

2022 жылы 2 сарбаз Қаңтар оқиғасы кезінде жауынгерлік қызметін атқару кезінде қаза болды. Қайғылы оқиға салдарынан екі әскери қызметші мерт болды.

Фото:egemen.kz
Фото:egemen.kz

Елімізде соңғы кездері әскери бөлімдерде әлімжеттіктің кесірінен сарбаздардың мүгедек болып, тіпті тірі қайтпай жататын жәйттер жиіліп кетті. Ресми дерекке сүйенсек, 3 жыл 9 айда Ұлттық ұлан қатарындағы 58 әскери қызметші мерт болыпты. Бұл туралы бүгін AMANAT партиясында өткен іс-шарада Ұлттық ұлан бас қолбасшысының орынбасары, генерал-майор Қайрат Үмбетов айтты, деп Skifnews.kz ақпарат порталы inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Ұлттық ұлан қатарында соңғы 3 жыл мен 2024 жылдың 9 айында 58 әскери қызметші қайтыс болса, оның 11-і қатардағы сарбаз. Қалғандары офицерлер мен келісімшарт бойынша қызметшілер. 2022 жылы 2 сарбаз Қаңтар оқиғасы кезінде жауынгерлік қызметін атқару кезінде қаза болды. Қайғылы оқиға салдарынан екі әскери қызметші мерт болды. Олар келісімшарт бойынша қызмет атқарған. Негізгі себебі – демалыс кезінде немесе қызметтен бос уақытында өз көлігінде не жолаушы ретінде жол-көлік оқиғасында қаза болуы", – деді ол.

Бас қолбасшы орынбасарының дерегінше, жоғарыда аталған мерзімде 29 қызметі науқастанып өмірден озған. Олардың ішінде 4 сарбаз бар. Мұнан бөлек, тағы бір әскери қызметші үйінде тоқ соғып мерт болған. Биыл отбасымен демалыста болған келесі әскери қызметші суға батып кеткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары