$ 494.87  520.65  4.91

Бас бапкер: Көкпарда шабыттанбасақ, халық алдында масқара боламыз

Негізі финал біз күткендей өтті. Бірінші кезеңде қырғыз бауырларымыз алға шығып, біздің жігіттердің көңіл-күйі түсіп кеткендей болды.

Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Көкпардан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Ақылбай Манкеев қазақ-қырғыз арасындағы финалдық ойынға қатысты пікір білдірді, деп  Skifnews.kz ақпарат порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

“Ойын соңғы секундтарға дейін өте тартысты өтті. Екі команда бір-біріне сай жақсы дайындықпен келген екен. Негізі финал біз күткендей өтті. Бірінші кезеңде қырғыз бауырларымыз алға шығып, біздің жігіттердің көңіл-күйі түсіп кеткендей болды. Бірақ психологиялық тұрғында жігіттеріміз жақсы дайын екенін көрсетіп, ойынды алып шықты. Спорт болғаннан кейін бәрі алаңға тістеніп шығады. Бәрі ұтамыз деп ойлайды. Басында айтқандай, екі команданың да мүмкіндігі 50-де 50 болды”, - деді Манкеев.

Ақылбай Манкеев көкпаршы жігіттерді қалай қайрағанын айтты.

“Көкпарға күллі жұрт келіп отыр. Үзіліс кезінде жігіттерге "Мына халықты қараңдар, қаншама жанкүйер  делебесі қозып отыр, артымызда 20 млн халық тілеулес. Тақымдарыңды мықтап, көкпарға арқаланып кірмесеңдер масқара боламыз" деп жігерлендірдім”, - дейді Бас бапкер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары