16 оқушы іші ауырып, аудандық жедел жәрдем бөлімшесіне жүгінген.
Оқиға кеше 12 қыркүйек күні болған. Сағат 18:34 шамасында Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Бейнеу ауылындағы Жұмағали Қалдығараев атындағы жалпы орта мектептің 16 оқушысының іші ауырып, аудандық жедел жәрдем бөлімшесіне жүгінген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
— Қабылдау бөлімінде балаларға оральды регидратация және инфузионды терапия жасалды. Сағат 21:43–тегі жағдай бойынша 16 бала үйіне қайтарылды. Оқушылардың денсаулығы бірқалыпты. Бүгін барлығы мектепке барды, — деп жазылған облыстық денсаулық сақтау басқармасы таратқан хабарламада.
Сондай-ақ, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық басқармасының маманадары мектептегі астан, ауыз судан сынама алып, сараптамаға жіберген.