Бала алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты.
Астанада 8-қабаттың терезесінен баланың құлау фактісі тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Полиция бұл оқиғаны растап, баланың алған жарақаттарынан қайтыс болғанын хабарлады.
"Кәмелетке толмаған бала тұрғын үйдің 8-қабатынан құлау фактісі бойынша алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды. Астана ПД Есіл ауданының полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады", - деп хабарлады.