$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда өртенген үйден бір жасар баланың мәйіті табылды (ВИДЕО)

Өрт жоғары өрт жүктемесінің себебінен тез таралып, атап айтқанда үйдің қабырғалары мен шатыр қабаты тез жанғыш материалдардан (ағаштан) жасалған, өрт орнынан 1 газ баллоны эвакуацияланды.

Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ

Алматыдағы жеке тұрғын үйлердің бірі өртенді, салдарынан бір бала қаза тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқыс оқиға 12 қыркүйекте болған.

«ТЖД күштері мен құралдары автоматты түрде жоғары дәрежедегі шақырту бойынша Жетісу ауданына, Ноғайбаев көшесінде жеке тұрғын үй отқа оранғаны туралы хабарлама бойынша жіберілді. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 4 (23:36) минутта жеткен сәтте, өрт ашық жалынмен ағаштан салынған жеке үйдің шатырын, шаруашылық ғимаратының және уақытша салынған үй жайдың S=200 шаршы метрдегі отқа оарнғанын анықтады, сондай ақ құрылымдардың опырылып құлауы туралы баяндады», - деп мәлімдеді Алматы ТЖД.

Өрт жоғары өрт жүктемесінің себебінен тез таралып, атап айтқанда үйдің қабырғалары мен шатыр қабаты тез жанғыш материалдардан (ағаштан) жасалған, өрт орнынан 1 газ баллоны эвакуацияланды.

«Өртті барлау және сөндіру барысында өрт сөндірушілер 2 адам құтқарып: 1994 жылы туған ер адам және 1993 жылы туған әйел, №4 қалалық ауруханаға ессіз жағдайда жеткізілді. Өкінішке қарай, өрт сөндірушілер келгенге дейін 2023 жылы туған бала қайтыс болды», - делінген Алматы ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары