Атылған оқ офицердің өмірінен қаншалықты қауіп төндірді?
Жезқазғанда оқу-жаттығу кезінде Ұлттық ұлан офицері оқ жарақатын алды. Ұлттық ұланның "Орталық" өңірлік қолбасшылығы ақпаратты растады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әлеуметтік желіде Жезқазғанда рота командирінің аяғынан оқ жарақатын алғаны туралы ақпарат тараған еді.
12 қыркүйекте жауынгерлік даярлық жоспары аясында Ұлттық ұлан әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен полигонда атыс жаттығулары өткізілді. Қауіпсіздік шараларын бұзу нәтижесінде офицер аяғынан жеңіл жарақат алған. Оған сол жерде барлық қажетті медициналық көмек көрсетілді. Жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда, өмірлік маңызды ағзалары зақымдалмаған, – делінген ресми хабарламада.
"Орталық" өңірлік қолбасшылығы қазір оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып, қызметтік тексеру жүргізіліп жатқанын атап өтті.