$ 494.87  520.65  4.91

Азаматтық некедегі күйеуім қарызға батырып кетті, тіпті, ұратын – Алматылық әйел (ВИДЕО)

Алматыда жүргенде 4 рет тастап кеткен. Менен 300 мың теңге қарызға алып, ештеңе қалдырмай, бүкіл затын жинап Ресейге кетіп қалыпты. 

Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Әлеуметтік желіде алматылық келіншек азаматтық некедегі күйеуінің алдап, қарызға батырып, тастап кеткенін айтып, етегі жасқа толды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, жігіті алматыдан Астанаға «бірге тұрамыз» деп алып келген.

«Осы жігіт үшін Алматыдағы дайын жұмысымды тастап Астанаға келгенмін. Екеуміз пәтер жалдап 4 ай бірге тұрдық. Төрт ай бойы сол жігіттің тамағын жасап, кірін жуып әйелі болғанмын. Енді пәтер ақысын төлеу уақыты жақындағанда заттарын жинап кетіп қалыпты. Мені қарызға кіргізіп кетті. Бұл қалада ешкімді танымаймын, ештеңеге қолым бармай тұр. Не істейтінімді білмеймін, бесінші рет алдап тұр. Полицияға хабарласайын десем, оларға не деп айтамын? Алматыда жүргенде 4 рет тастап кеткен. Менен 300 мың теңге қарызға алып, ештеңе қалдырмай, бүкіл затын жинап Ресейге кетіп қалыпты. Жаңа хабарлама жазып жіберіпті: «мені кешір, Ресейге шұғыл кетуім керек болды» деп. Соңғы 4,5 жылдың ішінде осылай істеді. Бір келеді, бір кетеді. Кетуге алдын ала дайындалған. Жұмыстан келсем үйде менің ғана киімдерім тұр, өз заттарының бірін де қалдырмай алып кетіп қалыпты», – деді алматылық келіншек.

Алматылық қыздың сөзінше, азаматтық некедегі күйеуінің тіпті қол көтерген кездері де болған екен. Қиындыққа тап болған алматылық әйел жас қыздарды мұндай жігіттерге сенбеуге шақырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 3

Серіктес жаңалықтары