Ал біздегі жағдай ше? Анау пәтер берді, мынау көлік берді, ат мінгізді деп жазып жатыр.
Бокстан Олимпиаданың екі дүркін чемпионы атанға өзбекстандық Баходир Жалолов журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға сұхбат беріп, додадан кейін халық тарапынан қандай сыйлық жасалғанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.
Дегенмен өзбекстандық боксшы халықтан сыйлық алуды құп көрмейтінін айтқан.
«Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Баходир Жалоловтан сұхбат алу бұйырды. Сұхбат кезінде мен одан кәсіпкерлер мен халық қандай сыйлық бергенін сұрадым. Ол «мемлекеттен алғаным жетеді, қарапайым халықтан, кәсіпкерлерден алып байып кетпеймін, ол сыйлықты о дүниеге алып кетпеймін, Олимпиаданы екі рет жеңсем елімнің абыройы үшін жеңдім» деп жауап берді.
Ал біздегі жағдай ше? Анау пәтер берді, мынау көлік берді, ат мінгізді деп жазып жатыр. Айналайын алтындарым, сіздер ел намысын қорғауға бардыңыздар ма, әлде дүние жинауға бардыңыздар ма?» - дейді журналист қазақстандық спортшыларға.