$ 478.96  533.03  5.22

Қарағандыдағы саябақта аттракцион құлап, екі адам зардап шекті

Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді.

Фото: kazinform
Фото: kazinform

Қарағандыда Орталық мәдениет және демалыс саябағында «тікұшақ» аттракционы құлады. Нәтижесінде әйел мен бала зардап шекті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Кazinform-ға сілтеме жасап.

 

Қарағанды қаласының орталық саябағында „тікұшақ“ аттракционының құлауы орын алды. Бір әйел мен бала зардап шекті. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді. Аттракцион жеке меншікте. Меншік иесінде барлық пайдалану құжаттары бар. Маусым басталар алдында аттракцион сараптамадан өтті, - деп хабарлады Қарағанды қаласының Саябақтар басқармасы.

Тергеу амалдары жүргізілуде, қылмыстық іс қозғалды.

Қарағанды қаласының Орталық мәдениет және демалыс саябағында болған оқиға бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 306-бабы, 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда, - деп мәлімдеді Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары