16.09.2024, 10:20

Бетон қоршауға соғылған: Алматы облысында жол апатынан көлік жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды

Фото: Pixabay

Тергеу жалғасып жатыр.

Алматы облысы Қонаев терминалы ауданындағы тасжолда бір адамның өмірін қиған жол апаты болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Chevrolet Cobalt жүргізушісі Алматы-Өскемен автожолының 25-шақырымында рөлді басқара алмай, бетон қоршауға соғылып, содан кейін инерция бойынша алдында тұрған Hyundai Sonata автокөлігімен соқтығысқан.

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы салдарынан Chevrolet cobalt жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болған. Жол апаты дерегі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.