Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Тоқаев ҰҚК басшысының екі орынбасарын қызметінен босатты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Руслан Темірғалиұлы Сейсембаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметінің бастығы лауазымынан босатылды; Асқар Баймерденұлы Әмірханов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры лауазымынан босатылды.