$ 494.87  520.65  4.91

Атыс болды: Дональд Трампқа тағы шабуыл жасалды

Өкілдер палатасының мүшесі Марджори Тейлор-Гриннің айтуынша, қазіргі уақытта Трампқа ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Фото: Известия
Фото: Известия

АҚШ-тың бұрынғы президенті және қайтадан президенттікке үміткер болған Дональд Трампқа тағы қарулы шабуыл жасалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

New York Post басылымының жазуынша, АҚШ-тың құпия қызметі Флорида штатындағы Вест-Палм-Бичтегі өзінің гольф-клубынан шығып бара жатқан кезде Дональд Трамптың жанында атыс болғанын байқаған.

Өкілдер палатасының мүшесі Марджори Тейлор-Гриннің айтуынша, қазіргі уақытта Трампқа ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. 

«Трамп оның маңайында болған атыстан соң қауіпсіз жерге орналастырылды. Әзірге басқа ақпарат жоқ», - деп жазды Марджори Тейлор-Грин Х парақшасында. 

Еске салсақ, бұған дейін АҚШ-тың Пенсильвания штатында сайлауалды акция кезінде Дональд Трампқа қастандық жасалған. Бұл туралы отандық және шетелдік БАҚ өкілдері жарыса жазған. Кейінірек ҚР мемлекет басшысы Трампқа жасалған қастандыққа қатысты пікір білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары