Өкілдер палатасының мүшесі Марджори Тейлор-Гриннің айтуынша, қазіргі уақытта Трампқа ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.
АҚШ-тың бұрынғы президенті және қайтадан президенттікке үміткер болған Дональд Трампқа тағы қарулы шабуыл жасалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
New York Post басылымының жазуынша, АҚШ-тың құпия қызметі Флорида штатындағы Вест-Палм-Бичтегі өзінің гольф-клубынан шығып бара жатқан кезде Дональд Трамптың жанында атыс болғанын байқаған.
Өкілдер палатасының мүшесі Марджори Тейлор-Гриннің айтуынша, қазіргі уақытта Трампқа ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.
«Трамп оның маңайында болған атыстан соң қауіпсіз жерге орналастырылды. Әзірге басқа ақпарат жоқ», - деп жазды Марджори Тейлор-Грин Х парақшасында.
Еске салсақ, бұған дейін АҚШ-тың Пенсильвания штатында сайлауалды акция кезінде Дональд Трампқа қастандық жасалған. Бұл туралы отандық және шетелдік БАҚ өкілдері жарыса жазған. Кейінірек ҚР мемлекет басшысы Трампқа жасалған қастандыққа қатысты пікір білдірді.