$ 524.58  551.91  4.93

Шымкентте жасөспірімді аяусыз сабаған күзетші 3 жылға бас бостандығынан айырылды (ВИДЕО)

Ол жасөспірімнің футбол алаңы қоршауынан асып түскенін көріп, оны ұстап алған.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Соттың дерегінше, айыпталушы "G" атты ЖШС-да күзетші болып істеген. Ол 2024 жылдың 28 маусымында сағат 12:30 шамасында өзіне жүктелген күзет аумағын тексеріп жүріп, жасөспірімнің футбол алаңы қоршауынан асып түскенін көріп, оны ұстап алған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

"Баланың кешірім сұрағанына қарамастан, қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланып, резеңке таяқшасымен оның басы мен кеуде тұсынан бірнеше рет ұрып-соғып, денсаулығына зиян келтірген. Сотталушы кінәсін толық мойындап, бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұрады", – делінген сот хабарламасында.

И есімді азамат ҚК-нің 252-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, күзет саласында лауазымды қызмет атқару құқығынан 2 жыл мерзімге айырыла отырып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары