16.09.2024, 18:20

Сәтбаевта жас жұбайларды видеоға түсіріп жүрген мобилограф мерт болды (ВИДЕО)

Фото: Видеодан кадр

Полицияның мәлімдеуінше, үш көлік: KIA Sportage, Toyota Land Cruiser 200 және Skoda Yeti бір-біріне соқтығысқан.

Жезқазған-Сәтбаев тасжолында үйлену кортежінің көлігі апатқа ұшырап, 19 жастағы жігіт қаза тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Полицияның мәлімдеуінше, үш көлік: KIA Sportage, Toyota Land Cruiser 200 және Skoda Yeti бір-біріне соқтығысқан. Салдарынан бір жолаушы қаза тауып, 5 адам ауруханаға түсті, деп жазады Azattyq Rýhy.

Видеода көрінгендей, көлік жанармай бекетінен негізгі жолға түсіп, джипке жол бермеген. Land Cruiser жүргізушісі соққыдан кейін рульге ие бола алмай, тағы бір автокөлікке соғады.

«Полиция жол-көлік апатын тудырған жүргізушіні ұстады, қылмыстық іс-қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды, тергеу жүріп жатыр», - делінген хабарламада.

Жас жұбайлар отырған көлікте тойды түсіруге бара жатқан мобилограф 19 жастағы Досымжан атты жігіт қаза тапты.