16.09.2024, 21:30

Астанадағы автобустардың бірінде белгісіз біреулер жасөспірімді аяусыз соққыға жыққан (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот

Астана полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

Астанадағы автобустардың бірінде бір топ жолаушы жасөспірімді аяусыз соққыға жыққан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Видеода бір топ жолаушының жігітке шабуыл жасап, оны тепкілеп, жұдырықпен ұрғанын көруге болады. Ақпарат бойынша 13 қыркүйек күні 25 автобуста болған.

Астана полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

"Алматы аудандық ІІБ-нің кезекші бөліміне 16 жастағы жасөспірімнің заңды өкілі арызданып, оның ұлын қоғамдық көлікте әлдекімдер ұрып-соғып кеткені туралы арызданған. Құқық бұзушыларды анықтау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Тұлғалар заң бойынша жауапкершілікке тартылды", – делінген хабарламада.