Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Бүгін, 16 қыркүйекте Қостанай облысындағы Торғай-Арқалық тасжолының 17-ші шақырымында жантүршігерлік оқиға болды – екі ересек адам мен екі бала қаза тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Алдын ала мәліметтер бойынша, 38 жастағы Lexus жүргізушісі басып озу кезінде рөлге ие бола алмай екінші көлікпен соқтығысқан. Оқиға салдарынан Lexus көлігінің жүргізушісі және екі жолаушысы, оның ішінде екі бала алған жарақаттарынан қайтыс болды. Сол көліктен тағы бір жолаушы ауруханада қайтыс болды.
Осы факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Жергілікті жерде жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде. Полиция қызметкерлері жүргізушілерді ЖҚЕ талаптарын ескеруге, атап айтқанда жылдамдық режимі мен маневр жасау ережелерін сақтауға шақырады.